08.10.2021
2021 жылдың 5-9 қазан аралығында Түркістан облысындағы «Тау Самал» сауықтыру кешені базасында «Jastar Оtanga» халықаралық жастар форумы өтіп жатыр. Оқу-сауықтыру бағдарламасына сәйкес облыс бойынша 6 делегат қатысуда және оның тең жартысы Ж.Мусин атындағы Көкшетау қазақ жоғары педагогикалық колледжінің студенттері. Олар – А-41 тобының студенті Болат Мөлдір Саматқызы, А-31 тобының студенті Қасым Алтынай Бауыржанқызы, ФБ-32ҚБ тобының студенті Омаров Арыстан Еркинович. Өңір белсенділеріне «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының өкілдері фасилитатор болып отыр. Халықаралық форумда қатысушылар топқа бөлініп, уақыттарын пайдалы, әрі қызықты өткізуде. Өңірлер арасындағы бәсекелестікке қарамастан, онда татулық пен достықтың атмосферасы сезіледі.