АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ҚР КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ЕҢ ҮЗДІК 100 СТУДЕНТІ». БОЛД ЖАНГУЛ

29.09.2021

Болд Жангул – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің дене тәрбиесі және спорт бөлімінің IV курс студенті. Ол Қазақстанның атын әлемге танытатын жас спортшыларды дайындайтын ұстаз болуды армандайды.

2018 жылы еркін күреске деген қызығушылығы болашақ мамандығын таңдауға сеп болған. Колледж студенттері бос уақытын тиімді пайдаланатындықтан, барлық қарым-қабілетін жетілдіре алды. Бүгінде ол спорт саласы бойынша бірталай белесті бағындырды. 2018 жылы Түркістан қаласында өткен Қазақстан Республика чемпионатында еркін күрес жарыс спорт түрінен І орын, Көкшетау қаласында өткен облыстық чемпионатта І орын (16-18.09.2018 ж.), Қостанайда өткен чемпионатында мастер спортына үміткер атағы берілді (17-18.02.2018 ж.), Халықаралық чемпионатында II орын (30.11.2018 – Щучинск), Қызылорда қаласында өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатының IX жазғы спартакиадасында ІІ орын (1-8.04.2019 ж.), Қазақстан Республикасының  5-ші Жастар спорттық ойындарында әйелдер күресі бойынша І орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көріне білді (1-9.04.2018ж.). Сондай-ақ Туркия елі Стамбул қаласында өткен Халықаралық жарыстан III орынды иеленді. 2021 жылы Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алды.

https://www.instagram.com/p/CUEb-FwoOYv/?utm_medium=share_sheet

Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст