2021 жылдың 27 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен BOLASHAQ SARAIY-нда Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында облыстық ғылыми конференция өтті. Бұл қазақтың көрнекті педагог-ағартушысы, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат – ұлы тұлға Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасын пайымдау. Аталған іс-шара ұстаздардың ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыруға және жетілдіруге ықпал ету мен олардың өзін-өзі дамытуын жүзеге асыру үшін жағдай жасауға негізделеді. «Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары заманауи білім беру контексінде» конференциясында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Мұқышева Қарагөз Серікқызы «Бастауыш сыныпта Ыбырай әңгімелерінің ерекшеліктері» атты баяндамасын оқыды. Білікті ұстаздың баяндамасы Ақмола облысы педагогтерінің жарияланымдар жинағына еніп, Ақмола облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.