28.09.2021
Қыркүйек айында Ақмола облысының туристік көпсайыс пен спорттық туризм федерациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Осенний листопад – 2021» ашық қалалық слеті өтті. Негізгі мақсат – жаппай туризмді танымал ету мен одан әрі дамыту,қатысушылардың спорттық, техникалық және тактикалық шеберлігін арттыру. Онда Ж.Мусин атындағы Көкшетау қазақ жоғары педагогикалық колледжінің ересектер құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша І орынды еншіледі. Сондай-ақ қоржынға екінші жүлдені колледждің жасөспірімдер командасы салды. Олар жалпыкомандалық есеп бойынша ІІ орынды иеленді. Сайысқажалпы11 команда қатысты. Ол «Жеке командалық» дистанция, «Техникалық» дистанция, «Фото көрме», «Бард ән байқауы», «Кросс–саяхат» атты кезеңдерден тұрды.