АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Қазіргі білім мен тәрбие жүйесіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жалғасуда

25.09.2021

Бүгін, қыркүйектің 24-і күні BOLASHAQ SARAIY-нда «Қазіргі білім мен тәрбие жүйесіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісі өтті. Бұл Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Конференция барысында «Ғылым. Ізденіс. Тәжірибе» атты көрменің таныстырылымы өтті. Ол Ахат Нұртас Ахатұлының саналы ғұмырындағы ақыл-ойының жемісі мен қазақ ұлтының ұлылығын зерделеген тағылымына негізделген. Рухани-танымдық көрмеде бір бойына сан қасиет сыйдырған нар тұлғаның жеті қыры жан-жақты ашылып сипатталды. Сондай-ақ көрменің таныстырылымы соңында Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Әлеуметтік ғылым академиясының академигі Негимов Серік Нығметоллаұлы Ахат Нұртас Ахатұлына арналған «ТҰЛҒА» атты кітаптың  тұсауын кесті. Пленарлық мәжілістің модераторы Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы болды. Онда ол Ақмола облысы әкімінің  құттықтау сөзін оқыды. Сондай-ақ Ақмола облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алтаев Серік Табылдинович та өзінің жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дихан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Әлеуметтік ғылым академиясының академигі Негимов Серік Нығметоллаұлы, Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы «Сибай педагогикалық колледжі» мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Рысбаев Ильдар Ильгамович, Қырғызстан Республикасы, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің жанындағы кәсіптік колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Акматов Аскар Акматович, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Қажыбай Аян Төлегенұлы және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің түлегі,  Қытай Халық Республикасының  Nanjing (Нанкин) қаласының  Xiaozhuang xue yuan мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кадырова Маржан баяндама оқыды. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция соңында қатысқан отандық және шетелдік ғалымдардың тақырып аясындағы келелі ой-пікірлерін сараптай келіп, ұсыныстар мен пікірлер қабылданды.

Просмотров: 259


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст