11.09.2021
Құрметті Ахат Нұртас Ахатұлы!
Ұлт болашағы, ел алдындағы сіңірген еңбегіңіз үшін алғысымыз шексіз. Сізді білікті басшы, ұлағатты ұстаз, елдің, тілдің жанашыры, ғұмырын еліміздің білім беру ісіне арнаған зиялы азамат ретінде танимыз.
Мақсатқа жету жолындағы қайталанбас ерік-жігеріңіз, берік азаматтық ұстанымыңыз, шығармашылық талантыңыз, артыңыздан ерген жас өрендерге үлгі. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды басшы, ұйымдастырушы қырынан көріндіңіз. Тағылымды еңбек жолыңызда үнемі тың, жаңа бастамаларды көтеріп, қолдау танытасыз. Еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде халқымыздың игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас. Қоғам игілігіне бағытталып отырған ерен еңбегіңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашан да арта бергей!
Ардақты Нұртас Ахатұлы, 60 жасқа толған мәртебелі мерейтойыңызбен құттықтай отыра, өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, ұрпағыңызға бақыт пен береке тілейміз!