09.09.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде әлеуметтік психологтер А.М.Шарипова мен Ә.Ж.Жанбырбайдың ұйымдастыруымен I курс студенттері арасында «Көтеріңкі көңіл-күй – жанға қуат береді» сергіту сәті мен бейімделуге арналған «Сиқырлы сөздер», «Шеңбер бойындағы доп» тақырыбындатренингтер өтті. Тренинг мақсаты – I курсстуденттерін бір-бірімен таныстыру, топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және жаңа ортаға бейімделу үшін қолайлы жағдайлар жасау. Тренингтерді өткізу барысында студенттер белсенділік танытып, сенім білдіріп, өз ойларымен бөлісті. I курс студенттері іс-шараның өткізілуіне алғыстарын білдіріп, бір-біріне деген жылы лебіздерін арнады. Мектеп түлектерінің студенттер қатарына қосылуы – олардың жеке тұлға ретіндегі алғашқы қадамы. Сондықтан өткізілген іс-шара білім алушылар үшін маңызды болды.