АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
25 тамыз Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне ресми іс сапармен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов және Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев келді. Колледждің қабылдау комиссиясының жұмысын аралап көріп, құжат тапсырған талапкерлер бойынша ақпарат алды. Білім ордасының материалдық-техникалық базасы, білім алушылар, колледждің білім беру құрылымы және соңғы жылдардағы жетістіктер, ақылды аудитория мүмкіндіктері таныстырылды. Колледждегі мектепке дейінгі бөлім студенттеріне арналып жабдықталған BІLІM ALU JÄNE QŪZІRETTІLІK KAMPUSY – Білім алу және құзіреттілік кампусымен танысты. Ондағы ақылды аудиториялардың мүмкіндіктерін көрді. Мектепке дейінгі педагогика дәрісханасы және кәсіптік құзіреттілік алаңының мазмұнын көріп, оқытуда қолданатын М.Монтессори технологиясының ерекшеліктерін, әдіс-тәсілдерін, WorldSkills Kazakhstan чемпионатының бағыттары мен жетістіктері таныстырылды. Республикамызда алғаш рет Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде эксперимент ретінде «Логопедия» мамандығы бойынша ашылған «Логопедия» ресурстық орталығының мақсат-міндетімен танысты. Сонымен қатар, қашықтықтан білім беру жүйесіне негізделген конференц-залдың мүмкіндіктері көрсетіліп, Педагогикалық тамыз конференциясына арналып жасалған оқу-әдістемелік көрмемен танысты. Білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілері, оқулық жазу мәселесі, Абай атындағы электронды-ресурстық кітапхана жұмысы көрсетілді. Әскери-қолданбалы жарыстарда өздерін жоғары деңгейде көрсетіп келе жатқан «Айбын» әскери-патриоттық клубы, «Жұмбақтас» туризм клубы және «Томирис» рухани-париоттық қыздар клубының жұмыс барысы таныстырылды.