АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Игі істер автобусы» жобасын Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ерікті жастары жалғастырды

21.08.2021
Бүгін, 19 тамыз Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері мен жас мамандардан құралған еріктілері «Игі істер автобусы» жобасы бойынша Бурабай ауданы, Бұланды ауданындағы елді-мекен тұрғындарымен кездесті.
Жобаның миссиясы: әлеуметтік жобалау идеяларын, волонтерлік құндылықтары мен практикасын насихаттау. Студент жастарды қоғам мәселелерін шешуге тарту.
Аудандар, қала мектептері, мәдениет үйлері әлеуметтік көмекті іске асыру базасы болып табылады.
Колледж жастары ең алдымен, Кенесары ауылына барып, «IT еріктілер» клубының студенттері тарапынан тұрғындарға электрондық сандық қолтаңба жасады. Колледжіміздегі «ІТ Еріктілер» клубының жетекшісі Д.З.Утебаева «Электронды үкімет» порталымен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетті. ІТ маманы Т.С.Сағындық офистік бағдарламаларды орнату, «Электронды үкімет» порталынан тұрғындарға электронды анықтамаларды алу тәсілдерін түсіндірді. Дене тәрбиесі және спорт бөлімінің оқытушысы Көке Асылбек, «Жастар» комитетінің төрайымы Кәкім Лашын және волонтерлер елді мекендердің оқушыларымен спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, үйірме сабақтарын ұйымдастырды.
Жобаның жоспары бойынша автобустың келесі аялдамасы Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицейі болды. Бұл елді-мекенде еріктілер тобы оқушылармен мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізді.
Бұдан соң, ерікті жастар Макинка қаласына жол тартты. Жобаның әлеуметтік әсері ауыл халқының құндылықтық өзгерістер жүйесін қалыптастыру, игі істер жасау, гуманитарлық идеяны дамыту болып табылатын. Ауылдық жерлердің тұрғындарын қолдау, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары колледж еріктілері үшін зор қуаныш сыйлады. Елді-мекен тұрғындары алғысын білдірді.
 
Просмотров: 340


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст