АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Колледж мүмкіндіктері таныстырылды

11.08.2021

2021 жылдың 11 тамыз күні Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мысырәлімова Айна Ермекқызы, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дюсенова Ботагөз Балапаевна Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде болып қайтты. Колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы оқу ордасының базасымен арнайы таныстырып, білім алушы шәкірттер, колледждің білім беру құрылымы және соңғы жылдардағы жетістіктер туралы мағлұматтар беріп өтті. 2021-2022 оқу жылының қабылдау комиссиясының жұмысы, оқу орнына түсуге үміт білдірген талапкерлер қарқыны, емтихандарды өткізу барысымен танысты. Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасының мүмкіндіктері, кітап қоры, техникалық базасы көрсетіліп, қашықтықтан білім беру жүйесінде арнайы  іске қосылған электронды кітапхана сайты бойынша ақпараттар берілді. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, 010105 1 «Тәрбиелеушінің көмекшісі» жұмысы біліктілігі бойынша кәсіптік құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған «Кәсіптік құзіреттілік алаңы», соңғы технологиялармен жабдықталған Логопедия кабинеті, қашықтықтан білім беру жүйесіне негізделген көп функциялы конференц-зал жүйесі, колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты. Айна Ермекқызы колледж ұжымын жуырда тұсауы кесілген «Абай алаңы» архитектуралық-композициясының ашылуымен құттықтап, Абай күніне орай Ұлы ақынның мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст