АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Білім ордасы Қазақстандағы ЕҢ ҮЗДІК 10 КОЛЛЕДЖ қатарын толықтырды! «Білім» профилі бойынша өткізілген рейтингте 1 орынға ие болды!

09.08.2021
2021 жыл Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «TALAP» КЕАҚ ("Холдинг "Кəсіпқор") Қазақстан колледждерінің қызметін бағалау және ТжКБ ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында өткізілген саралау қорытындысы бойынша 10 ҮЗДІК КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ қатарынан көрінді! Сонымен қатар, колледж «Білім» профилі бойынша өткізілген рейтингте 78.33 ұпаймен 1 орынға ие болды!
Рейтингке қатысу үшін барлығы 131 колледж өтініш берді, олардың ішінде 102 мемлекеттік, 29 жеке меншік мекемелер. Колледждердің қызметін бағалау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Қызмет сапасы», «Бизнес серіктестіктермен өзара байланыс», «Кәсіби кадрлар», «WorldSkills жобасы және өзге де инновациялық жобаларға қатысу», «Студенттер контингенті».
Айта кету керек, жыл сайын өткізіліп отыратын рейтинг қорытындысы бойынша білім ордасы республикамыздың көш бастаушы колледждері қатарынан көрініп келеді.
Колледж қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен өз жұмысына деген махаббатының, жауапкершілігінің нәтижесінде жеткен жеңіс құтты болсын!
Просмотров: 583


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст