АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ахат Нұртас Ахатұлының «ЕЛ» еңбегі жарыққа шықты

30.06.2021

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, ф.ғ.к., Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлының «ЕЛ» атты еңбегі жарық көрді.

Ұсынылып отырған «ЕЛ» кітабында ХХІ ғасырдағы жаңа қоғамдық тәртіп негізінде өзгеріске түсе бастаған мемлекеттер арасында ірі тектоникалық саяси қозғалысы көп қоғамнан Қазақстан өз орнын қалай алуы керек деген сұраққа жауап ізделінеді. Әлемдегі белгілі саясаттанушылардың пікірлері тұжырымдалып, қазақ ұлтының мемлекет құрудағы өткен тарихы мен болашағына жаңаша көзқарас беріледі. Ұлт мүддесін «ЕЛ» руханияттың кешенді жүйесінде дамыту, сол арқылы қазақ қоғамын заманауи шақыруларға бейімдеу туралы ой-пікірлер беріледі. Кітап қазақ қоғамын прагматикалық дамытуға үлес қосып жүрген зиялы қауымға, қазақ жастарына және ұлтжанды қалың оқырманға арналған.

Ұлағатты ұстаз, көреген басшы Нұртас Ахатұлы – өзінің ғұмырнамалық тарихында ғибраттық мәнді қолтаңбасын қалдыруды мақсат тұтқан жан. Ғалым «Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық педагогика мәселелері», «Орынбай ақынның әдеби мұрасы», «Алаштың Алмас ақыны», «Қос арна», «Қазақтың ары – честь казаха», «Сөз және сурет» атты оқу құралдары мен монографиялардың авторы болып табылады.

Просмотров: 569


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст