ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН
30.10.2026
2026 жылғы 27–30 қазан күндері Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында XXIV «Кезең» облыстық спартакиадасы аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🥉 Асық ату – III орын.
Жетекшісі: Рақыш Дәулет Қуанышбекұлы.
🥈 Бес асық – II орын.
Жетекшісі: Өмірзақ Айсұлу Қуандыққызы.
🥇 Тоғызқұмалақ – I орын.
Жетекшісі: Хамзин Елебек Советұлы.
Тоғызқұмалақтан колледж студенттері Республикалық жарысқа жолдама алды!
Жеңімпаз студенттер мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық жарыста сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!
Жеңіс құтты болсын!