ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

23.10.2026

Республика күні мерекесіне орай Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жігер» спартакиадасы аясында өткен «Әскерилендірілген кросс - 2026» жарысында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің намысын қорғаған «Айбын» әскери-патриоттық клубының командасы жоғары дайындықты көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алды!
Бұл жеңіс – жігіттеріміздің төзімділігінің, ептілігінің және Отанға деген патриоттық рухының айқын дәлелі.
Клубтың жетекшісі, осы жетістікке шәкірттерін тынымсыз дайындаған білікті ұстаз Қалиев Қуаныш Ахметұлына кезекті жеңісі үшін үлкен алғыс білдіреміз! Еңбегіңіз жана берсін!
Сонымен қатар, жекелей есепте сынға түскен колледжіміздің студенті Әлибек Ибрагим жүлделі ІІІ орынды иеленіп, колледж абыройын асқақтатты.

Жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз көп болсын!

#РеспубликаКүні #Жігер2026 #Айбын #Жеңіс

Просмотров: 104


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу