«ҰСТАЗДАР КӨПІРІ: ТӘЖІРИБЕ МЕН ИДЕЯ АЛМАСУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ НЕТВОРКИНГ

21.10.2026

2026 жылғы 20 қазанда Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұстаздар көпірі: тәжірибе мен идея алмасу» тақырыбында нетворкинг өтті.
Негізгі мақсаты – бастауыш білім беру саласында еңбек етіп жүрген педагогтер арасында кәсіби тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, заманауи педагогикалық технологиялар мен интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын көрсету, ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылған нетворкингке Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы білім бөлімдеріне қарасты мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері, колледж оқытушылары және бастауыш білім беру бөлімінің II–IV курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында:
- «Оқу сауаттылығы – оқушылардың функционалдық сауаттылығының негізі»;
- «Бастауыш сынып мұғалімінің цифрлық көмекшісі: тиімді ЖИ платформалар және практикалық тәжірибе»;
- «Бастауыш сыныпта нейрожатығуларды қолданудың тиімділігі мен маңызы»;
- «Интербелсенді әдістер – сапалы білім мен шығармашылықтың кілті»;
- «Бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер»;
- «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың басты міндеттері»;
- «Grok AI: Бір сұраныс – мың идея! Бастауыш білім берудегі жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыптарында практикалық жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар «Fruit Party» тренингі және «TEACHER'S fantasy» brainstorming ұйымдастырылды.
Нетворкинг соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Просмотров: 242


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу