ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

15.10.2026

Колледжде терроризм мен экстремизмнің алдын алу, жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және діни экстремизмнің қауіптілігі туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Озбырлықтың үлкені – Отаннан безу» атты насихаттық бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.

Бейнероликте бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың, туған жерге адал болудың, қоғам қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы ой қозғалды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың терроризм мен экстремизмнің зардаптары туралы түсініктерін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және жастарды радикалды идеологиялардың ықпалынан сақтандыру.

Отанға адалдық – бейбіт өмірдің кепілі! Қоғам қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі!

#АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп #ТерроризмніңАлдынАлу #ЭкстремизмгеЖолЖоқ #ОтанғаАдалдық

Просмотров: 1082


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу