ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

13.10.2026

2026 жылғы 13 қазанда колледж студенттері арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында есірткіге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кезекті кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Ақмола облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Курсанова Разия Талғатқызы қатысты.

Кездесу барысында есірткі заттарын қолданудың зиянды салдары, оларды заңсыз сақтау мен таратқаны үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ жастардың есірткіге байланысты құқық бұзушылықтарға тартылуының алдын алу мәселелері талқыланды.

Полиция қызметкері студенттерге заң талаптарын сақтау, күмәнді ұсыныстардан аулақ болу және өз өмірі мен болашағына жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық санасын арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Есірткіге жол жоқ! Салауатты таңдау – жарқын болашақтың кепілі!

#АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп #ЕсірткігеҚарсы #ҚұқықтықСауаттылық #СалауаттыӨмірС

Просмотров: 703


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу