СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА НОРМАЛАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ
15.10.2026
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары және заңнама талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, 2026–2027 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.
Ақпараттық-түсіндірме жұмысының негізгі мақсаты – колледж ұжымының құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту және білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
🤝 Адалдық – адамдықтың белгісі, әділдік – қоғамның тірегі!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
#СыбайласЖемқорлыққаҚарсыІсҚимыл #Адалдық #Әділдік #АдалАзамат