«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА ОРТА, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!
14.10.2026
Колледжімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза колледж – таза орта» бастамасы қолдау тапты.
Колледж ұжымы мен білім алушылары қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, колледж аумағын абаттандыруға және санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарға белсене қатысты.
🌱 Бастаманың негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және әрбір азаматтың қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Туған жерімізді таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту және табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет.
💚 Таза Қазақстанды бірге қалыптастырайық!
#ТазаҚазақстан #ТазаКолледжТазаОрта #ЭкологиялықМәдениет #АдалАзамат #ТазалықОртақМіндет
Просмотров: 1080