«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PISA 2025 ЗЕРТТЕУІНЕН ТУЫНДАҒАН ОЙЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНЛАЙН СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ
01.10.2026
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары Академия Президиумы ұйымдастырған «Халықаралық PISA 2025 зерттеуінен туындаған ойлар» тақырыбындағы кезекті онлайн сессия отырысына қатысты.
Сессия барысында қазақстандық оқушылардың халықаралық PISA зерттеуіндегі көрсеткіштері, білім беру нәтижелерінің төмендеуіне әсер ететін факторлар және білім сапасын арттырудың тиімді жолдары жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар әлем елдерінде PISA зерттеуінің нәтижелерін қабылдау ерекшеліктері қарастырылып, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды ұсыныстар айтылды.
Сессия Академия президенті, академик Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновтың кіріспе сөзімен басталып, Академияның Бас ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, ҚПҒА академигі Фаузия Төлеушайқызы Саметованың баяндамасымен жалғасты.
Талқылау барысында Академия мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша өзекті ойларымен бөлісті.
Сессия соңында талқылау қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.