ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ: ӨНЕГЕ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

30.09.2026

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қыз балалардың репродуктивті денсаулығы, жеке қауіпсіздігі, өмірлік құндылықтары және болашағына жауапкершілікпен қарау мәселелеріне арналған «Қыз тәрбиесі: өнеге мен жауапкершілік» атты сырласу алаңы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың репродуктивті денсаулық жөніндегі сауаттылығын арттыру, ерте жүктіліктің алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар бүгінгі күннің өзекті мәселелерін ортаға салып, жастарға маңызды кеңестер мен тағылымды ойларын жеткізді.
 Ақмола облысы Аналар кеңесінің төрайымы, қоғам қайраткері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Жахина Айнұр Құрманбайқызы «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің негізі» тақырыбында мазмұнды әңгіме өрбітіп, ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғамдағы қыз баланың тәрбиесі, жауапкершілігі мен орны туралы ой бөлісті. «Панацея» клиникасының акушер-гинекологы Каныбекова Гульжанар Мулдамусаевна «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыз балалардың денсаулығына қатысты маңызды ақпараттармен бөлісіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
 Қыз бала – отбасының ғана емес, ұлттың тәрбиесі мен болашағының айнасы. Сондықтан жасөспірім қыздарға дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың өз денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қарауына жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет.

#АдалАзамат #ҚызТәрбиесі #СаналыҰрпақ

Просмотров: 1286


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу