«BALMUZDAQ PARTY» – көңілді кеш!

25.09.2026

2026 жылдың 24 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Jas Orda» жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен І курс студенттеріне арналған «BALMUZDAQ PARTY» тематикалық кеші өтті.
Кештің басты мақсаты – студенттердің колледж өміріне белсенді араласуына жағдай жасау, алғашқы күндерін қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу, бір-бірімен жақынырақ танысып, жаңа достық қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік беру.
Кеш барысында заманауи әуендер, көңілді ойындар, түрлі қызықты тапсырмалар мен ерекше ұйымдастырылған бағдарламалар студенттерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
І курс студенттері белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсетіп, кештің ажарын аша түсті. Еркін форматтағы бұл басқосу студенттерге жаңа ортаға бейімделіп, колледж өмірінің ажырамас бөлігі болуға мүмкіндік берді.

Просмотров: 756


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу