Таза Қазақстан – таза болашақ!
28.09.2026
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары мен белсенді студенттері «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған экологиялық плоггингке белсене қатысты.
Плоггинг – дене белсенділігін қоршаған ортаны тазартумен ұштастыратын пайдалы бастама. Қатысушылар жүгіру және серуендеу барысында аумақты қоқыстан тазартып, табиғатқа деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Бұл іс-шара – тазалықты сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған өлкенің табиғатына жауапкершілікпен қарауға бағытталған маңызды қадам.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Бүгінгі кішкентай әрекет – ертеңгі таза әрі жайлы болашақтың негізі!
#ТазаҚазақстан #ЭкологиялықПлоггинг #ТазаКөкшетау #ЖМусинКолледжі
Просмотров: 864