«Аттестаттаудың пилоттық жобасы: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы педагогінің цифрлық профилін қалыптастыру» тақырыбында семинар

22.09.2026

Колледж педагогтеріне арналған семинар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Қырқаева Гүлдерай Ахметбекқызының қатысуымен ұйымдастырылды.

Семинар барысында пилоттық жобаға қатысушы педагогтердің сұрақтарына конструктивті жауаптар беріліп, аттестаттаудың жаңа форматы, педагогтің цифрлық профилін қалыптастыру ерекшеліктері және бағалау талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар педагогтерге аттестаттаудан өту барысында ескерілетін негізгі бағыттар мен кәсіби жетістіктерді цифрлық форматта жүйелеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Аттестаттау – педагогтің кәсіби құзыреттілігін, педагогикалық тәжірибесін және білім алушылардың сапалы білім алуына қосқан үлесін айқындауға мүмкіндік беретін маңызды процес. Ол педагогтің кәсіби дамуына бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибесін саралауға, жетістіктерін жүйелеуге және үздіксіз білім жетілдіруге ынталандырады.

Семинар педагогтердің пилоттық жоба талаптарын тереңірек түсінуіне, өздерінің кәсіби жетістіктерін дұрыс бағалауына және цифрлық профильдерін сапалы қалыптастыруына әдістемелік қолдау көрсетті

Просмотров: 1007


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу