Әдістемелік семинар өтті

18.09.2026

18 қыркүйек күні колледжде жас мамандарға және 2026–2027 оқу жылында жаңадан қабылданған педагогтерге арналған әдістемелік семинар өтті. Семинар барысында оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған үш негізгі мәселе қарастырылды:

  • білім беру бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарына сәйкес оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу;
  • College SmartNation бағдарламасын қолдану тәртібі;
  • «Жас мамандар мектебінің» жоспарын бекіту және тәлімгерлерді тағайындау.

Семинарда білім мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттардың реттілігі бойынша директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Данагүл Нұртайқызы ақпарат берді. Оқу практикасы мен кәсіптік практика интеграциясындағы мәселелер бойынша директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Тойындық Молдағалиқызы баяндады. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Бақытгүл Ерғалиқызы колледж оқытушысына қойылатын әдістемелік талаптарды қазіргі білім беру жағдайына бейімдеп, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, дедлайн, академиялық адалдық, кері байланыс және студенттің өзіндік жұмысы сияқты бағыттарды нақты енгізу қажеттігі туралы тұжырымдап, оқу бөлімінің меңгерушісі Гүлден Тұрлыбекқызы оқу жұмыс бағдарламасы мен сабақ жоспарын құрастырудағы маңызды механизмдерге жан-жақты, конструктивті баяндама жасады. Офис-регистратор Айымгүл Болатханқызы College SmartNation бағдарламасындағы жаңартулар мен толықтыруларды практикалық-демонстративті форматта таныстырды.

Семинар соңында педагогтердің сұрақтары мен ұсыныстары қаралып, қажетті әдістемелік кеңестер берілді. Әдістемелік семинар жас мамандардың кәсіби бейімделуіне, әдістемелік құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

Просмотров: 402


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу