ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

22.09.2026

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алатын МД-42ҚБ тобының студенті Батхан Аягөз Көкшетау қаласындағы «Қарлығаш» балабақшасының мектепалды даярлық тобында «Табиғатқа саяхат: таны, зертте, аяла» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.
Іс-әрекеттің мақсаты – балалардың табиғат пен қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, бақылау және зерттеу дағдыларын дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ табиғатты қорғауға, аялауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер табиғат әлеміне танымдық саяхат жасап, өсімдіктер, табиғат құбылыстары және қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін толықтырды. Балалар ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, бақылау және зерттеу тапсырмаларын орындады.
Ұйымдастырылған іс-әрекет мазмұнды әрі қызықты өтіп, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Осындай тәрбиелік мәні жоғары жұмыстар балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Практика әдіскері: Өтепбай Жансая Қанатқызы

Просмотров: 444


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу