ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

22.09.2026

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Дене мәдениеті бөлімінің Дм-22 тобының студенті Орынбасарова Жанерке Көкшетау қаласында өткен XVII Халықаралық Асқар Сатыбаев атындағы бокс турниріне қатысып, қарсыластары арасында жоғары шеберлік танытып, жүлделі І орынға ие болды! 🥇
🌍 Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған дүбірлі додаға Тәжікстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттерінен келген жас спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты.
🥊 Жарыс барысында Жанерке өзінің жоғары спорттық дайындығын, шымырлығын, төзімділігі мен табандылығын көрсетіп, жеңіске деген жігерінің мықтылығын дәлелдеді. Бұл жетістік — оның тынымсыз еңбегінің, үздіксіз жаттығуының, ерік-жігері мен спортқа деген сүйіспеншілігінің жарқын нәтижесі.
🏆 Жанеркенің жеңісі — колледжіміз үшін үлкен мақтаныш. Оның спорттағы жетістігі білім алушыларға үлгі болып, салауатты өмір салтын ұстануға, алға қойған мақсатқа табандылықпен ұмтылуға ынталандырады.
🎉 Орынбасарова Жанеркені айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіңе тілектеспіз! Спорттық шеберлігіңді шыңдап, ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды көкке көтере бер!
🇰🇿 Жеңісті күндерің көп болсын, Жанерке!

Просмотров: 396


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу