Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ағымдағы жылдың 25 маусымында қабылдау комиссиясы ашылды. 2021-2022 оқу жылына 9-сынып негізінде бюждеттік топтарға 01120100 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», 01140200 – «Музыкалық білім беру», 01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт», 01140600 – «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» яғни 4S01140601 - «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», 4S01140605 - «Шетел тілі мұғалімі», 01140700 – «Информатика» мамандықтарына, 11-сыныптан кейін мемлекеттік тапсырыс (бюджет) негізінде 5AB01120101 - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры», 5AB01130101 - «Логопед қолданбалы бакалавры», 5AB01140101 - «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры», 5AB01140301 - «Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры», 5AB01140303 - «Шетел тілін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры», 5AB01140401 - «Информатика қолданбалы бакалавры» мамандықтарына талапкерлерді оқуға қабылдайды. 2021-2022 оқу жылына қабылданатын 1 курс студенттері жатақханамен қамтамасыз етіледі. Колледж студенттерін жатақханамен толық қамту мақсатында ағымдағы жылы жаңа жатақхананың құрылысы жоспарлануда. Талапкерлер қабылдау емтиханын тапсырмайды, аттестаттың жиынтық балы бойынша қабылданады. 01140200 – «Музыкалық білім беру», 01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтарына шығармашылық емтихан тапсырылады.
Күндізгі бөлімге 9-сынып негізінде 15 тамызға дейін, 11-сынып негізінде 18 тамызға дейін құжаттардың қабылданатынын хабарлайды. Біздің мекен-жайымыз: Көкшетау қаласы, Бурабай мөлтек ауданы, 76.
Біз Сіздерді күтеміз! Байланыс нөмері: 8(7162) 32-95-78, 8 705 333 14 14