АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

14.09.2026

2026 жылдың 1 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында БМ-41 тобының студенттері Көкшетау қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық практикадан өтуде.
Педагогикалық практика – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырып, теориялық білімдерін мектеп тәжірибесімен ұштастыратын маңызды кезең.
Практика барысында студенттер білім беру үдерісін ұйымдастыру, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, сабақ жоспарлау және өткізу, сынып жетекшісінің жұмысына қатысу, сондай-ақ оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру бағытында тәжірибелік дағдыларын жетілдіруде.
🔹 1-топ – «ЭКОС» №13 мектеп-гимназиясы
Әдіскері: Кожахметова Т.Қ.
🔹 2-топ – №18 жалпы білім беретін мектебі
Әдіскері: Амиржанова Г.Қ.
Практика барысында студенттер тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуын бақылап, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеруде. Сонымен қатар оқушылармен жеке және топтық жұмыстар ұйымдастырып, тәрбие сағаттарына, сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысуда.
Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың педагогикалық шеберлігін қалыптастыру, кәсіби жауапкершілігін арттыру және мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қыр-сырын тәжірибе жүзінде меңгерту.
🌱 БМ-41 тобының студенттеріне педагогикалық практикада сәттілік тілейміз!
Әр сабақ – жаңа тәжірибе, әр оқушы – үлкен жауапкершілік, ал әрбір ұстаздық қадам – болашақ маманның кәсіби қалыптасуына бастар маңызды жол!
Мектеп ұжымдарына, тәжірибелі ұстаздар мен әдіскерлерге болашақ педагогтарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби тұрғыда қолдау көрсетіп отырғандары үшін алғысымызды білдіреміз! 🤝

Просмотров: 40


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст