ЖАҢА БЕЛЕСКЕ БАСТАР ЖОЛ
25.06.2026
Құрметті түлектер, сіздерді кәсіби маман атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – білімге деген құштарлықтарыңыздың, қажырлы еңбектеріңіз бен ұзақ жылдар бойы талмай ізденген табандылықтарыңыздың жемісі.
Кәсіптік еңбек жолында әрдайым сәттілік серік болсын! Ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспіз. Адал еңбекпен ұштасқан әр күндеріңіз қуаныш сыйлап, айқын мақсатпен басталатын әр жылдарыңыз жеміске толы болсын демекпіз.
Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын, қадамдарыңыз нық болсын! Еңбектеріңіз ел игілігіне айналып, төккен терлеріңіз әрдайым жемісін берсін. Сіздерге зор сенім артамыз, әрдайым мақтан тұтамыз және ақ жол тілейміз!
Еліміздің ертеңі – өздеріңіздей білімді де білікті, жігерлі де жаңашыл жастардың қолында.