ҰСТАЗДАР КОМАНДАСЫ – ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ!
29.06.2026
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұстаздар командасы 2026 жылғы 26–29 маусым аралығында Ақмола облысының білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында өткен ХХ облыстық «Ұстаз-2026» спартакиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спорттық дода білім беру саласы қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамыту, әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді.
Спартакиада барысында қатысушылар волейбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, дойбы және басқа да спорт түрлері бойынша бақ сынап, өздерінің шеберліктері мен командалық ұйымшылдықтарын көрсетті.
Колледж ұстаздарынан құралған команда жарыс кезеңдерінде белсенділік танытып, жоғары дайындық пен табандылықтың арқасында жүлделі орыннан көрінді.
Оқу жылының соңында колледж қоржынына тағы бір жетістік әкелген ұстаздар командасының бұл жеңісі – ұжымдық бірліктің, салауатты өмір салтына деген ұстанымның және ұстаздардың жан-жақты дамуға ұмтылысының нәтижесі.
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұжымы спорттық жетістікке қол жеткізген ұстаздарды шын жүректен құттықтайды!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектестік білдіреді.