ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ!
30.06.2026
2026 жылғы 25 маусымнан бастап Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қабылдау комиссиясы талапкерлерді қабылдау жұмыстарын бастады.
Колледжде жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау 8 мамандық және 14 біліктілік бойынша жүргізілуде. Қабылдау комиссиясының қызметкерлері талапкерлерге мамандықтар туралы ақпарат беріп, құжаттарды қабылдау, білім алу мүмкіндіктері мен оқу үдерісі бойынша кеңес жұмыстарын ұйымдастыруда.
Қабылдау кезеңінде талапкерлерге:
✅ таңдаған мамандығы бойынша толық ақпарат алу;
✅ қажетті құжаттарды рәсімдеу;
✅ оқу ерекшеліктерімен танысу;
✅ болашақ кәсіби бағытын анықтау бойынша көмек көрсетіліп жатыр.
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі – сапалы білім мен кәсіби дамуға жол ашатын білім ордасы.
Болашақ мамандарды, өз білімін жетілдіруге талпынған талапкерлерді колледжімізге шақырамыз!
📍 Мекенжайы: Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Боровской м/а 76
#ҚабылдауКомиссиясы2026 #Талапкер #Көкшетау #ПедагогикалықБілім #БолашақПедагог