АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

А МОДУЛІ – САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

08.06.2026

2026 жылғы 8 маусымда Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 4S01140605 «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алып жатқан А-41 тобында қорытынды аттестаттаудың демонстрациялық емтиханы басталды.
Емтихан екі тәуелсіз модульден тұрады. Бірінші күні өткізілетін А модулінің мақсаты – ағылшын тілі пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру және заманауи білім беру мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдана отырып, сабақтың үзіндісін өткізу бойынша кәсіби іскерліктерді көрсету.
А-41 тобының студенттері қысқа мерзімді жоспардың мақсат-міндеттеріне сәйкес сабақ жоспарларын әзірлеп, сабақ үзінділерін жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізуде.
Емтихан тапсырмасы білім алушыларға кәсіби білімі, іскерлігі мен дағдыларын көрсетуге, сондай-ақ қойылған міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шеше алатын болашақ маман ретінде өздерін танытуға мүмкіндік берді.

Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст