АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ФУТЗАЛДАН ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК!»

25.05.2026

2026 жылдың 21–22 мамыр күндері өткен қалалық спартакиаданың бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Футзал» жарысында «Жарқын» футбол клубы жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Команда ойыншылары тартысты кездесулер барысында ұйымшылдық пен шеберліктің, төзімділік пен нағыз спорттық рухтың үлгісін таныта білді.
Жарыс барысында ерекше белсенділігімен көзге түскен команда ойыншысы Халел Санжар «Үздік қорғаушы» номинациясының жеңімпазы атанып, өз шеберлігі мен кәсіби дайындығын дәлелдеді. Бұл – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар бүкіл команданың еңбегі мен бірлігінің нәтижесі.
«Жарқын» футбол клубының барлық ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамын шын жүректен құттықтаймыз! Осындай жарқын жеңістер мен жоғары нәтижелер алдағы уақытта да жалғасын тауып, спорт әлемінде жаңа белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст