АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» тақырыбындағы мазмұнды дөңгелек үстел

21.05.2026

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шара барысында есірткінің адам денсаулығына, психологиясына және қоғамға тигізетін зияны кеңінен талқыланды. Сонымен қатар қазіргі таңда жастар арасында белең алып отырған синтетикалық есірткілер мен «есірткі тасымалдаушылар» мәселесінің қауіптілігі, заң алдындағы жауапкершілік туралы маңызды ақпараттар берілді.
Дөңгелек үстелге арнайы қонақтар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті:
🔹 Курсанова Разия Талғатқызы — Ақмола облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі жастар арасындағы есірткі қылмысының алдын алу және құқықтық жауапкершілік жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🔹 Бекмағанбетова Сұлушаш Қапесқызы — "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК әлеуметтік оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, ПД Есірткі құқық бұзушылықтары профилактикасы кеңесінің мүшесі нашақорлықтың адам денсаулығына тигізетін кері әсері туралы айтып өтті.
🔹 Аманбаева Ұлпан Сәкенқызы — «Панацея» клиникасы Жастар денсаулық орталығының психологы есірткіге тәуелділіктің зардабы туралы баяндай келіп, жастардың психологиялық саулығы, күйзелістің алдын алу және өмірлік қиындықтарды дұрыс еңсеру жолдары жөнінде пайдалы кеңестер берді.
Сонымен қатар, шара барысында бұрын есірткіге тәуелді болған азаматтар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Олар есірткінің адам өмірін қалай өзгертетінін, отбасы мен денсаулыққа тигізетін зардаптарын айтып, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар шынайы оқиғалар арқылы өмірдің ең үлкен құндылығы — денсаулық пен дұрыс таңдау екені жеткізуге тырысты. Шара барысында білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, мамандарға сұрақтар қойып, бірнеше кейстік жағдаяттарды талқылады. 
#НашақорлыққаЖолЖоқ #СалауаттыӨмірСалты #ЗаңЖәнеТәртіп #АдалАзамат #БізЕсірткігеҚарсымыз

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст