ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ АПТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ
12.05.2026
2026 жылдың 12 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Педагогика және психология кафедрасы апталығының салтанатты ашылуы өтті.
12-15 мамыр күндері аралығында өтетін «Оқу-тәрбие процесінде қолданылатын цифрлық технологиялардың маңызы» тақырыбындағы апталықтың негізгі мақсаты – бастауыш мектеп бөлімі студенттерінің заманауи цифрлық технологияларды меңгеруін жетілдіру, WorldSkills талаптарына сәйкес инновациялық технологияларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану, сонымен қатар бөлім студенттерінің арасында байланысты нығайту, ынтымақтастықты арттыру.
Апталықты колледж директоры Елеушова Меңдігүл Жабайқызы салтанатты ашып берді.
Іс-шара барысында «Ұстаз-оқушы айнасы» атты көріністі көрсетіп, мамандықтың қыр-сырын қойылым арқылы сомдай білсе, бөлім студенттері «Шабыт» биін билеп, флешмоб ұйымдастырып, «Мың алғыс саған ұстазым», «Мектебім, аяулы мектебім» әндері орындалды.
Апталықтың ашылуы 12-15 мамыр күндері аралығында ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспары мен мақсат-міндеттерін таныстырумен аяқталды.
Апталыққа сәттілік тілейміз!!!