30.05.2026
2026 жылғы 30 сәуірде Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде» музыка бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп–колледж–балабақша арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында қалалық тимбилдинг іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында музыка жетекшілері музыкалық білім беру үдерісінде қолданылатын заманауи технология түрлерін таныстырып, олардың білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудағы мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, тәжірибе алмасу және бірлескен жұмыстың маңыздылығы мәселелері кеңінен қарастырылды.
Тимбилдингке Балалар музыка мектебінің оқытушысы Насырова Д.А., «Достық» балабақшасының музыка жетекшісі Алпысова А.Ж., Көкшетау қаласының №17 мектеп-гимназиясының оқытушылары Досымхан Ә.К. пен Төлеубай Б.Е., сондай-ақ музыка бөлімінің оқытушылары Устименко Н.А. және Шерияздан Ұ.Н. қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктерінің кеңейгенін атап өтті.
Аталған мазмұндағы іс-шаралар білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, педагогтердің кәсіби дамуына оң ықпал етеді.