Текст
29.04.2026
2026 жылғы 28 сәуір күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде “Ағылшын” бөлімінің III курс студенттерінің «Alice in Wonderland» («Алиса ғажайыптар әлемінде») атты сахналық қойылымы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған қойылым «Шетел тілі балалар әдебиеті» пәні аясында сахналанып, студенттердің шығармашылық қабілеттерін, актерлік шеберлігін және ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқын көрсетті.
Қойылым барысында студенттер ертегі кейіпкерлерінің бейнесін шебер сомдап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сахналық көріністер заманауи элементтермен үйлесіп, көркем безендірілуімен және мазмұндық тереңдігімен ерекшеленді.
Жетекшісі – Амангелді Г.Г.