28.04.2026
2026 жылғы 27 сәуір күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ағылшын тілі бөлімінің 43-қолданбалы бакалавриат тобының ұйымдастыруымен «ENGLISH QUIZ» атты зияткерлік сайыс өткізілді.
Аталған сайысқа информатика, бастауыш білім беру, мектепке дейінгі оқыту, музыка және филология бөлімдерінің I курс студенттерінен құралған командалар қатысты.
Сайыстың мақсаты – студенттердің ағылшын тілі бойынша білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын кеңейту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сайыс барысында қатысушылар әртүрлі кезеңдер бойынша білімдерін сынап, белсенділік пен тапқырлық танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – Музыка 11 тобы, KeshYou командасы;
ІІ орын – Бастауыш білім беру бөлімі 12 тобы, Sunshine командасы;
ІІІ орын – Мектепке дейінгі білім беру бөлімі 11 тобы, Power Girls командасы.