АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

24.04.2026

Ағымдағы жылдың 21-24 сәуірі аралығында өткен «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ «Жігер» Спартакиадасы бағдарламасындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «ЖАС ҰЛАН – 2026» облыстық жарысында колледжіміздің «Айбын» әскери-патриоттық клубы жүлделі І орынға ие болды. Клуб мүшелерін, жетекшілері Қалиев Қуаныш Ахметұлын және Токбаев Аманбек Жетпісбайұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы Халықаралық жиында бас жүлдеге ие болуларыңызға тілектеспіз! Жеңістеріңіз еселеніп, әрдайым биіктерден көріне беріңіздер. Сіздердің табыстарыңыз – оқу орнымыздың мерейі мен мақтанышы!
#адалазамат
#АйбынӘПК

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст