АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ЖОО-ДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ШЕШІМДЕР

21.04.2026

2026 жылғы 17 сәуір күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Инклюзивті қолдау орталығы, Онлайн оқыту департаменті және Әлеуметтану кафедрасының бірлескен ұйымдастыруымен «ЖОО-да инклюзивті білім беру: сын-тегеуріндер мен шешімдер» тақырыбында ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференция барысында еліміздегі және шетелдік жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді енгізу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға қолдау көрсету қызметтерін ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы инклюзия, ерте жастан диагностика мен түзету, мектепке дейінгі ұйымдар мен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастықты нығайту бағытында пікір алмасу жүргізілді.
Аталған конференцияға Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Самара ұлттық зерттеу университеті жанындағы инклюзивті қолдау орталығы, Луганск мемлекеттік педагогикалық университеті және еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Конференция аясында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі атынан арнайы пәндер оқытушысы Искакова Бахыт Жарматайқызы мен логопедия бөлімінің ІІІ курс студенті Жарасханқызы Бағлан «Инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың жеке оқу траекториясын цифрлық ортада және ассистивтік технологиялар арқылы ұйымдастыру» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Баяндамада ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға сапалы білім беру тек педагогикалық әдістерді жетілдірумен шектелмей, оқыту үдерісіне заманауи технологияларды енгізуді талап ететіні атап өтілді. Осы тұрғыда цифрлық және ассистивтік технологиялар инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды ресурстарының бірі ретінде қарастырылды.
Сондай-ақ спикерлер білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісін бейімдеу, білімге қолжетімділікті арттыру және әрбір студенттің әлеуетін толық ашуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст