ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚАРСЫ АЛУ

21.04.2026

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің абыройын асқақтатып, республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздарды ұжым болып салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
2026 жылдың 16–17 сәуір күндері Абай облысы, Семей қаласындағы «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» базасында өткен педагогтер арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі білікті ұстаздары – Қамалиден Әйгерім Сағындыққызы және Қайыржан Тілек Сағындыққызы жүлделі І орынды иеленді.
Сондай-ақ, Қарағанды қаласында 2026 жылдың 15–16 сәуір күндері өткен «MusicTeacherSkills – 2026» республикалық байқауында колледжіміздің Музыка бөлімінің III курс студенті – Бижаксинова Ұлжан Нұрланқызы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздарды колледж ұжымы зор құрметпен қарсы алып, олардың жетістіктеріне жоғары баға берді.
Осындай жетістіктер колледжіміздің мәртебесін арттырып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Просмотров: 406


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу