КІТАПХАНА – ҒЫЛЫМҒА БАСТАР АЛТЫН КӨПІР
20.04.2026
Ағымдағы жылдың сәуір айында Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасында «Кітапхана – ғылымға бастар алтын көпір» атты зияткерлік сайыс өтті. Бұл шараның басты мақсаты – студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, білім көкжиегін кеңейту.
Сайысқа «ЭкоLand» экологиялық клубы мен «DARN» кітапханалық клубы қатысып, өзара білім мен тапқырлықтарын сынға салды. Тартысты дода 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушыларға ғылымның түрлі салалары бойынша мазмұнды сұрақтар қойылып, олардың логикалық ойлау қабілеті, жылдамдығы және білім деңгейі бағаланды.
Студенттер белсенділік танытып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Әсіресе, командалардың ұйымшылдығы мен ғылыми сауаттылығы ерекше көзге түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңіске «DARN» кітапханалық клубы жетті. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында табыс тілейміз!
Ғылымға бастар жол – кітаптан басталады!