20.04.2026
Еліміздің түрлі өңірлерінен келген педагогтарды біріктірген республикалық телекөпір өтіп, жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара «Білім беру» бейіні бойынша ОӘБ-нің ұйымдастыруымен, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі жанынан және «Talap» КЕАҚ қолдауымен өткізілді.
Телекөпір аясында заманауи білім беруді дамытудың негізгі бағыттары қарастырылды, атап айтқанда:
– тілдерді оқытудың заманауи тәсілдері;
– сөйлеу құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми негіздері;
– білім беру үдерісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу.
Осы іс-шара аясында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы Жабагинова Майра Канапияқызы өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, мазмұнды баяндама ұсынды.
Педагог кәсіби шеберлігін көрсетіп, тілдерді оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері мен жаңашыл көзқарастарын таныстырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Жабагинова Майра Канапияқызы тәжірибесімен бөліскені үшін арнайы сертификатпен марапатталды.