Текст
18.04.2026
2026 жылдың 16–17 сәуір күндері Абай облысы, Семей қаласындағы «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» базасында педагогтер арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мәртебесін арттыру, қатысушылардың озық педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу.
Аталған байқауға Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (ТжКББ) оқытушылары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің білікті ұстаздары – Қамалиден Әйгерім Сағындыққызы және Қайыржан Тілек Сағындыққызы жүлделі I орынды иеленді.
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!