10.04.2026
12 сәуір — Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «ҒЫЛЫМ – КОЛЛЕДЖ КЕҢІСТІГІНДЕ» ғылым апталығы аясында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Шетел тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «TED-style ғылыми қысқа баяндамалар конкурсы» өтті.
Конкурстың мақсаты – оқытушылардың инновациялық идеяларын, ғылыми зерттеулерін қарапайым әрі тартымды форматта қоғамға жеткізу, ғылымды танымал ету және педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту.
Қатысушыларға TED форматының пайда болуы, даму тарихы, жобаның қағидалары мен талаптары түсіндірілді. TED форматы – бұл тек баяндама емес, бұл «таратуға тұрарлық идеялар» алаңы. Кейін кафедра оқытушылары түрлі тақырыпта TED форматында дайындаған баяндамаларын ортаға салды.
Баяндамаларға қойылған критерийлер:
* Баяндаманың уақыт регламентін сақтау
* Идеяның жаңалығы мен өзектілігі
* Мазмұнның ғылымилығы және тереңдігі
* Мазмұнның түсініктілігі және құрылымы
* Сөйлеу мәнері және риторикалық шеберлік
* Презентациялық материалдардың сапасы
* Аудиторияны қызықтыру
* Жалпы әсер және TED-стильге сәйкестігі
Оқытушылар сөйлеу өнері мен ғылыми коммуникациясын жаңа қырынан көрсетті. Спикерлердің жұмысын директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы және колледж әдіскері Сабырова Әсем Бекешевна әділ бағалады.
Колледж педагогтері келесі тақырыптарды ұсынды:
1. Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы Жабағинова Майра Қанапьяновна – «Три языка как стратегия успеха»;
2. Әлеуметтік-жаратылыстану пәндер кафедрасының оқытушысы Өтелбай Томирис Дулатқызы – «Тарих қайталана ма, әлде біз қайталаймыз ба?»;
3. Әлеуметтік-жаратылыстану пәндер кафедрасының оқытушысы Беген Сырым Серікұлы – «Алаш идеясы: Әлихан Бөкейханның саяси ойы мен Әлімжан Ермековтің тарихи дәлелі»;
4. Мектепке дейінгі тәрбие және логопедия кафедрасының оқытушысы Исқақова Бақыт Жарматайқызы – «Аутизм және қоғам»;
5. Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасының оқытушысы Ауғалиева Жадыра Қайырболатқызы – «Әлеуметтік желі миға қалай әсер етеді?».
Қорытындысында қатысушылар тың идеялар мен қызықты фактілерді талдап, шабыт алды. Нәтижесінде:
І орын – Өтелбай Томирис Дулатқызы;
ІІ орын – Беген Сырым Серікұлы;
ІІІ орын – Исқақова Бақыт Жарматайқызы иеленді.
Барлық қатысушылар сертификаттармен және дипломдармен марапатталды.