АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

КОЛЛЕДЖ – УНИВЕРСИТЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

09.04.2026

2026 жылдың 8 сәуірінде Ғылым күніне орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Ғалыммен бір күн» атты республиканың жоғары оқу орындарының ғалымдарының қатысуымен қонақ дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің және студенттердің ғылыми-танымдық қызығушылығын арттыру, тәжірибелік дағдыларын дамыту және заманауи ғылыми бағыттармен таныстыру.
Аталған мазмұнды кездесуде республиканың алдыңғы қатарлы ғалымдары өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектепке дейінгі білім беру және логопедия саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты қамтыды.
Кездесудің ұйымдастырылуы мен мазмұнды өтуіне «Мектепке дейінгі педагогика және логопедия» кафедрасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Кравченко Анастасия Петровна жетекшілік етті. Іс-шараның ресми ашылуында колледж директоры Елеушова Мендігүл Жабайқызы сөз сөйлеп, білім мен ғылымның сабақтастығы болашақ білікті мамандарды даярлауда ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы кіріспе сөзінде қонақ дәрістің өзектілігі мен білім алушылар үшін маңыздылығына тоқталды.
Алдымен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі білім беру» кафедрасының бағдарлама көшбасшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушысы Жұбандықова Ақгүл Мұрзалиевна болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.
Одан кейін, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Керімбаева Рысты Қалдыханқызы мектепке дейінгі және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамытуда ойын құралдары мен электронды-дидактикалық ресурстарды қолданудың тиімді жолдарын ұсынды.
Келесі кезекте, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі білім беру» кафедрасының профессор міндетін атқарушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Метербаева Күлбаршын Метербаевна ғылыми жұмыстарды сауатты жазу, олардың құрылымы мен талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпарат берді.
Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Еркебаева Сәуле Жомартовна мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллектті қолданудың заманауи мүмкіндіктерін атап өтті.
Бұл ойды Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Бастауыш, мектепке дейінгі және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Келдегулова Айзат Нұркенқызы жалғастырып, ғылым мен тәжірибенің сабақтастығының маңызын ерекше атап өтті.
Кездесу барысында жас ғалымдар да белсенділік танытты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының II курс магистранты Асқарова Айгерім Айбекқызы ғылым арқылы кәсіби дамудың маңыздылығына тоқталды. Ал осы мамандықтың II курс студенті Ахметова Дильназ Амангелдіқызы қазіргі студенттің болашақ ғалым ретінде қалыптасуындағы ізденістің рөлін атап өтті.
Іс-шараны қорытындылай келе, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, Монтессори-педагог, педагог-шебер Әмірова Сағира Абзалқызы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуда теория мен тәжірибені ұштастырудың тиімді жолдарын көрсетті.
Іс-шара барысында білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, ғылыми ойлау қабілеттерін дамытты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ғылыми зерттеулерге деген қызығушылықтарын арттырды.
Осындай мазмұнды кездесулер педагогтер мен студенттердің ғылыми әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Просмотров: 213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст