АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

LESSON STUDY – ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІРЛЕСКЕН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІ

08.04.2026

📚 2026 жылдың 8 сәуірінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде кафедралар арасында колледж оқытушыларының бірлескен семинары өткізілді.
Мақсаты – Lesson Study әдісін жүйелі түрде енгізу арқылы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру үдерісінің сапасын жетілдіру, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарату және білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған тиімді оқыту стратегияларын анықтау.
Міндеттері:
▫️ Lesson Study әдісінің теориялық негіздері мен құрылымын түсіндіру
▫️ Бірлескен зерттеу жүргізу кезеңдері мен ерекшеліктерін таныстыру
▫️ Сабақты жоспарлау, бақылау және талдау үдерісіндегі тиімді тәсілдерді меңгерту
▫️ Педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау
▫️ Заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін Lesson Study арқылы енгізу жолдарын көрсету
▫️ Білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған тиімді стратегияларды анықтау
Семинарға колледж оқытушылары мен студенттер белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби пікір алмасты.
Бағдарлама аясында мазмұнды баяндамалар, тәжірибелік сабақтар, тренингтер мен талқылау алаңдары ұйымдастырылды. Қатысушылар Lesson Study үдерісінің кезеңдерін іс жүзінде қарастырып, тиімді тәжірибелермен танысты.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, бірлескен жұмыстың нәтижелері қорытындыланды.
Lesson Study – сапалы білім, кәсіби даму және тиімді ынтымақтастықтың кепілі!

Просмотров: 215


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст